Қалай көрінеді:
Директордың миссиясы:
Шабыт сыйлар орта құру!
Директор жиналысты ұрысу не қателік айтудан емес, жақсы істелген бір істі мақтаудан бастайды. Әр жиналыста бір оқушы немесе мұғалімнің жақсы жұмысы айтылады.

«Ашық бюджет» жобасында жоғары сынып оқушылары мектепті жақсарту үшін өз ұсыныстарын айтады (мысалы, демалыс орнын ашу). Осылайша әр тұлға еңбегі мен идеясының үлкен өз үлесі барын сезініп, шабыттанады.
Қалай көрінеді:
Директордың орынбасарлары
Миссия: Саналы тұлға қалыптастыру
  • Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар тәртіп бұзғаны үшін ұрысудың орнына оқушымен түсіндірме, ойландыру әңгіме жүргізеді. «Неге істедің?» демей, «Бұл қандай нәтиже берді?» және «Қалай түзетуге болады?» деген сұрақтар қояды.

  • Оқу ісі жөніндегі орынбасар оқушыларға өз деңгейін таңдап, жобаны қорғау форматын өзі таңдауға мүмкіндік береді. Бұл олардың қабілетін ашуға көмектеседі.
Қалай көрінеді:
Пән мұғалімдері
Миссия: Қабілетті ашу және қоғамға үлес қосу
  • Математика мұғалімі есептерді өмірмен байланыстырады. Мысалы, мектептегі қайырымдылық жәрмеңкесінің бюджетін есептетеді.

  • Әдебиет/тіл мұғалімі тек мәтінді емес, кейіпкерлердің таңдауы мен әрекетін талқылап, оқушының өз пікірін қалыптастырады.

  • Биология/химия мұғалімі мектеп аумағында эко-жоба ұйымдастырып, оқушыларға білімін қоршаған ортаны қорғауға қолдануды үйретеді.
МЕКТЕП
Миссиясы
Әр адам саналы тұлға болып қалыптасып, қоғамға үлес қосардай потенциалын дамыта алатын, шабыт сыйлар орта құру
Осы миссия аясында әр мектеп қызметкерінің өз рөлі бар