Толық күндік оқыту
Басты фокус: Саналы тұлғаның білім мен тәрбие іргетасын жақсылап қалау
1-6 сынып
оқу бағдарламасы
1-6 сынып: Саналы тұлғаның іргетасы
1-6 сыныптар — бұл баланың әлемді тану, негізгі сауаттылықты қалыптастыру және алғашқы зерттеулерін бастау кезеңі. Біздің бағдарламамыз «Бақытты мектеп өмірі» тұжырымдамасына негізделген, мұнда бала IDP арқылы өз әлеуетін таниды және PBL арқылы алған білімін іс жүзінде қолдануды үйренеді.
Бұл қалай жүзеге асады?
PBL-Science
Жоба арқылы оқыту 5-6 сынып
Оқушылар тек оқулықпен шектелмейді. Олар топқа бөлініп, күнделікті өмірмен байланысты тақырыптарды түсіну үшін өз жобаларын макет, проект, сызба және т.б. түрінде жасайды. Бұл балалардың ерте жастан ойлау қабілетін, зерттеушілік қызығушылығын және сөйлеу мәдениетін дамытатын бағдарлама.
Кітап оқу уақыты
Балалар күнделікті мектепте таңғы астан соң 15 минут кітап оқуға уақыт бөледі. Бұл уақытта оқушылар жастарына сай өздері ұнатқан немесе мұғалім ұсынған қызықты кітаптарды алып оқиды.
IDP
Жеке даму жоспары
Әр баланың өз «өсу картасы» болады. Біз баланың мінезін, қызығушылығын және болашақ мақсаттарын ескере отырып, оған 6 негізгі дағдыны (мысалы, қарым-қатынас, шығармашылық, төзімділік) дамытуға көмектесеміз.
Robi
Мектептің қосымшасы
Robi — бұл жай ғана электронды күнделік емес, бұл баланың білім сапасын бақылайтын, Қазақстан бойынша тек біздің мектепте бар бірегей инновациялық жүйе. Ол ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты барынша жеңілдетіп, оқу процесін толық ашық етеді.

Неге Robi-ді қолдану ыңғайлы?

  • 24/7 бақылау: Балаңыздың сабаққа қатысуын, алған бағалары мен үй тапсырмаларын кез келген уақытта бір түймені басу арқылы көре аласыз.
  • Ақылды талдау (Progress report): Әр ай сайын жасанды интеллект көмегімен балаңыздың оқу үлгерімі, тәртібі мен жетістіктері туралы егжей-тегжейлі есеп алып отырасыз.
  • IDP трекері: Жеке даму жоспарының (IDP) қалай орындалып жатқанын және балаңыздың пәндер бойынша прогресін статистика арқылы бақылау мүмкіндігі.
  • Тиімді қайталау: Сабақ материалдарын алдын ала жүктеп алуға, өткен тақырыптарды қайталауға және пәндер бойынша арнайы тренажерларды қолдануға болады
Баланың
1 толық күні
Біздің мектепте оқу күні баланы жалықтырмайтын, қызықты әрі танымдық форматта құрылған.
08:30 – 09:00
Таңғы ас
Күнді энергия беретін, тойымды, әрі пайдалы аспен тамақтанып бастау.
09:00 – 10:20
1-ші пән (80 минут):
40 минут теория + 40 минут практика.
Мысалы: Математикадағы есептерді авторлық Workbook-тармен шығару.
10:35 – 11:55
2-ші пән (80 минут)
Тілдік сауаттылық (Қазақ, Орыс, Ағылшын тілдері). Ойын түріндегі фонетика мен каллиграфия.
12:00 – 13:00
Түскі ас және демалыс
Салауатты тамақтану және ойын алаңындағы белсенділік.
13:00 – 14:20
3-ші пән (80 минут)
Цифрлық сауаттылық немесе жаратылыстану. Тәжірибелік зерттеулер (лаборатория).
14:35 – 16:00
Үйірмелер
Робототехника, би, таеквондо, домбыра, шахмат және т.б.
16:30 – 17:30
Бесін ас
Тойымды, әрі дәмді бесін аспен тамақтану.
17:30 – 18:00
Рефлексия және Robi
Күн бойы не үйренгенін Robi қосымшасында белгілеу және ата-анаға «Progress report» жіберу.
Баланың дамуы бізде «спиральды модель» бойынша жүреді: жыл сайын білім тереңдей түседі.
Баланың JOO School-дағы
бір жылдық жолы
Толық ақпарат алу

1-тоқсан

Мен және менің ортам

  • 1

    Адаптация: Бала мектепке бейімделеді, жаңа достар табады. Түрлі ойындар мен қызықты іс-шаралар күтуде. Алғашқы 6 апта — Adaptation Week.

  • 2

    IDP: Бастапқы диагностика жүргізіліп, баланың «А» нүктесі анықталады. 6 негізгі дағды бойынша SMART мақсаттар қойылады.

  • 3

    Білім іргетасы: 1-сынып оқушыларына әліппе, сандар барлығы тереңінен үйретіледі. Іргетас қалай қаланады, ары қарай солай кетеді. Сол үшін бұл жерде әр оқушыға жеке подходмен жұмыс жүреді.

  • 4

    Логопед-дефектологпен жұмыс: Толық оқу жылы бойы оқушылармен жеке жұмыс жасалады.

  • 5

    Эмоционалды даму: Оқушылар эмоцияларын дұрыс көрсетуді және қоғамдық ортада жүру әдептерін, сыныптастары мен ұстаздарға, үлкендерге қандай қарым-қатынас көрсету керегін үйренеді.

  • 6

    Тәрбие: Алғыс айту, кешірім сұрау, рұқсат алу секілді тәрбиенің іргетасын күнделікті қолдану арқылы бойына сіңіреді.

Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым. Біздің мақсатымыз — саналы «потенциалын аша алған жеке тұлғаны»тәрбиелеп шығару.
Білім берудің өзегінде Абайдың бес асылы жатыр:
Толық ақпарат алу
Мамандарымыз сізбен байланысып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.
JOO SCHOOL мектебіне түсу бойынша толық ақпарат алу үшін өтінім қалдырыңыз.