Мектеп тек білім бермейді - ол тұлға қалыптастырады.
Шынайы жетістік - білім, дағды және құндылықтың тұтастығында.
JOO мектебінің түлегі — ойы терең, талабы биік, еңбегі жүйелі, жүрегі ояу және ішкі тірегі берік азамат. Осындай адам ғана қоғамға шынайы үлес қоса алады.
Ол кез келген ақпаратқа сыни көзбен қарайды.
Сұрақ қойып, ой елегінен өткізеді, шешімінің салдарын аңғарады.
Қателігін мойындап, оны өз дамуының баспалдағына айналдырады.
Ол өзіне биік талап қояды.
Ішкі талабы оны үнемі алға жетелейді.
Ісіне жауап береді.
Ол жетістік еңбектен басталатынын түсінеді. Қиындықты өсу мүмкіндігі ретінде қабылдайды. Ұзақ жолда сабырын сақтайды.
Ол адамды қадірлеуді өз болмысының негізі санайды.
Өзгеге жанашыр, қоғамға жауапкершілікпен қарайды.
Әділет пен сыйластықты сөзбен емес, әрекетпен дәлелдейді.
Ол өз ұстанымына берік.
Қандай жағдайда да бағытын жоғалтпайды.
Ішкі сеніміне сүйеніп әрекет етеді.
Мектеп ережесі — JOO High School оқушыларына арналған ішкі тәртіп нормаларын айқындайды және мектеп қауымдастығының қауіпсіз, құрметті, дамытушы ортасын қамтамасыз етуге бағытталған.
Мектеп ережелері туралы құжатты төмендегі сілтемеден жүктей аласыз: