Толық күндік оқыту
Басты фокус: Оқушы жаттап емес, керісінше зерттеуші рөлінде білім алып, потенциалын ашу
7-9 сынып
оқу бағдарламасы
7-9 сынып: Білім мен жобалар әлемі
7-9 сыныптар — бұл оқушының білім ала отырып, зерттеуші ретінде қалыптасатын кезеңі. Балаңыз теорияны жаттап қана қоймай, оны өмірде қалай қолдану керектігін үйренеді.
Бұл қалай жүзеге асады?
PBL
Жоба арқылы оқыту
Оқушылар тек оқулықпен шектелмейді. Олар топқа бөлініп, нақты өмірлік мәселелерді (мысалы, қала экологиясы) шешу үшін өз жобаларын макет, проект, сызба және т.б. түрінде жасайды. Әр тоқсан сайын биология/химия/физика/ информатика пәндерінен 1 жоба, жыл соңына дейін 4 жоба қорғап шығады.
IDP
Жеке даму жоспары
Әр баланың өз «өсу картасы» болады. Біз баланың мінезін, қызығушылығын және болашақ мақсаттарын ескере отырып, оған 6 негізгі дағдыны (мысалы, қарым-қатынас, шығармашылық, төзімділік) дамытуға көмектесеміз.
Science
Ғылыми зерттеу жұмыстар
Science сыныбының оқушысы халықаралық деңгейде білім алады және шетелдік университеттерге дайындала бастайды.

Ғылыми пәндерді ағылшын тілінде оқу арқылы терминдерді оңай түсінеді және пәнді терең меңгереді. Сонымен қатар, физика, химия, биологиябірге байланысты түрде оқытылады, нәтижесінде балаңыз жалпы ғылымды жақсы түсіне бастайды.

Сабақтар тек теория емес, зерттеу, презентация, ойлау сияқты дағдыларды да дамытады. IELTS сияқты емтихандарға дайындық ерте басталады. Бұл шетелдік оқу орындарына грантқа түсу мүмкіндігін арттырады.

Бұл сыныптарға қабылдау арнайы емтиханмен өткізіледі және ағылшын тілі деңгейі A2 немесе одан жоғары болуы міндетті.
Robi
Мектептің қосымшасы
Robi — бұл жай ғана электронды күнделік емес, бұл баланың білім сапасын бақылайтын, Қазақстан бойынша тек біздің мектепте бар бірегей инновациялық жүйе. Ол ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты барынша жеңілдетіп, оқу процесін толық ашық етеді.

Неге Robi-ді қолдану ыңғайлы?

  • 24/7 бақылау: Балаңыздың сабаққа қатысуын, алған бағалары мен үй тапсырмаларын кез келген уақытта бір түймені басу арқылы көре аласыз.
  • Ақылды талдау (Progress report): Әр ай сайын жасанды интеллект көмегімен балаңыздың оқу үлгерімі, тәртібі мен жетістіктері туралы егжей-тегжейлі есеп алып отырасыз.
  • IDP трекері: Жеке даму жоспарының (IDP) қалай орындалып жатқанын және балаңыздың пәндер бойынша прогресін статистика арқылы бақылау мүмкіндігі.
  • Тиімді қайталау: Сабақ материалдарын алдын ала жүктеп алуға, өткен тақырыптарды қайталауға және пәндер бойынша арнайы тренажерларды қолдануға болады
Баланың
1 толық күні
Мектебімізде уақыт бала жалықпайтындай, әрі пайдалы өтетіндей жоспарланған:
08:30 – 09:00
Таңғы жиын (IDP)
Куратормен кездесу. Күнді жоспарлау және жақсы көңіл-күймен бастау.
09:00 – 10:20
1-ші сабақ (80 минут)
Бізде сабақтар ұзақ әрі қызықты. Алғашқы 40 минут — жаңа тақырып, келесі 40 минут — практика мен ойындар.
10:35 – 11:55
2-ші сабақ (80 минут):
Математика, физика немесе химия сияқты күрделі пәндерді тәжірибе арқылы түсіндіреміз.
12:00 – 13:00
Түскі ас:
Дәмді тамақ және достарымен еркін сөйлесу уақыты.
13:00 – 14:20
3-ші сабақ (80 минут):
Ағылшын тілі немесе басқа да маңызды пәндерге фокус.
14:35 – 16:00
Жоба уақыты (PBL):
Оқушылар өз жобаларымен жұмыс істейді: зерттеу жүргізеді, макет жасайды, идеяларын талқылайды.
16:10 – 17:30
Даму клубтары:
Робототехника, би, домбыра, шахмат, волейбол/футбол (баланың қалауы бойынша)
17:30 – 18:00
Күн қорытындысы:
Күн бойы не үйренгенін Robi қосымшасына белгілеп, үйге қайтады.
Баланың дамуы бізде «спиральды модель» бойынша жүреді: жыл сайын білім тереңдей түседі.
Баланың JOO School-дағы
бір жылдық жолы
Толық ақпарат алу

1-тоқсан

Диагностика және старт

  • 1

    Адаптация: Бала мектепке бейімделеді, жаңа достар табады. Түрлі ойындар мен қызықты іс-шаралар күтуде. Алғашқы 6 апта — Adaptation Week.

  • 2

    20 оқушыдан аспайтын шағын сыныптарға бөліну: Әр балаға жеке көңіл бөлініп, деңгейіне сай тапсырмалар беріледі.

  • 3

    А точкасын анықтау (IDP): Баланың бастапқы деңгейіне диагностика жүргізіліп, куратормен бірге жылдық SMART мақсаттар қойылады.

  • 4

    PBL жобасы: Зерттеуге арналған нақты мәселені (проблеманы) таңдау, оның қоғамға қаншалықты пайда әкелетін анықтап және топтарға бөліну арқылы әр тоқсан жасайтын проекттердің идеясы, мақсаты құрылады. 1 жобаны тоқсан соңында қорғап шығады.

Балаңыз білім алып қана қоймай, өзіндегі өмірлік ішкі тірегі, сенімділігі қалыптасады.
Біздің бағдарламамыз Абайдың бес асылы (Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) негізінде «потенциалын аша алған жеке тұлғаны» тәрбиелеуге бағытталған.
Толық ақпарат алу
Мамандарымыз сізбен байланысып, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.
JOO SCHOOL мектебіне түсу бойынша толық ақпарат алу үшін өтінім қалдырыңыз.