2018 жыл — Қанат Уксикбаев 2015-2018 жыдары өзі ашқан ҰБТ-ға дайындық офлайн курсын өткізіп жүріп, түлектерде жыл сайын қайталанатын проблемаларды анық байқады. Ол ҰБТ, мамандық, университеттер туралы ақпараттың жеткіліксіздігі және соның салдарынан грантқа түсу мүмкіндігін дұрыс бағалай алмау мен шатасулар. Ол жылдары толық ақпаратты бір жерден көретін мүмкіндік болмады. Шекті балдың өзін көру үшін барлығы газеттің жаңа шығарылымдарын асыға күтеді!
2018 жыл — Бұл мәселенің шешімі ретінде Қанат ағай өзінің білімін пайдалып, ақпараттарды жинап, жинаған баллыңа сай грантқа түсу мүмкіндігіңді бағалайтын Excel кесте құрастырып және “VK” әлеуметтік желісінде онлайн эфир жүргізіп бастады. Мектеп түлектеріне Жоғары Оқу Орнына грантқа түсуге ТЕГІН консультация беріп, семинарлар өткізді. Алғашқы жылдан-ақ оқушылардан сұраныс толассыз келе бастады. Қанат ағай жалғыз өзі 600-ге жуық түлекке грантқа түсуге көмектесті. Алайда түлектер легі тоқтамады.
2019 жыл — Үлкен сұранысқа бір ғана Қанат ағай мен бір Excel таблицаның күші жетпеуші еді. Сұраныс болғандықтан, студенттерден құралған командамен консультацияларды жалғастырды. Сол жылы тапсырыс арқылы алғашқы JOO сайты жасалды. Алайда сайт әлсіз болып, ұзаққа шыдамады. Қанат ағай осы сәтте тоқтап қалмай, ары қарай өз мақсатына жету үшін әрекет етуді жалғастырды.
2020 жыл — Қанат ағай мақсатын қолдайтын серіктестер іздей бастады. Солай IT бойынша мықты мамандар Шыңғыс Сақыпкерей және Ермек Серікбаймен бірігіп, Қазақстандағы барлық түлектер ҰБТ туралы, университеттер мен мамандықтардың толық тізімін көре алатындай және шекті балл туралы толық ақпарат беретін тегін JOO қосымшасын жасап шығарды.
2020 жыл — JOO — Жоғары Оқу Орындарына дайындыққа бағытталғандықтан пайда болған атау.
Қосымша тегін, барлық түлектер жаппай ҰБТ, университет, мамандық туралы бір қосымшадан біліп, ақпараттандырыла бастады. Бүкіл Қазақстан бойынша 10-11 сынып оқушыларының арасында кең тарады. Сол сәттің өзінде 70 000 қолданушы жүктеп, FORBES журналына отандық ТОП-30 қосымша тізіміне еніп, 25-ші орынды иеленді.
Қазіргі таңда 900.000-ға жуық қолданушысы бар. Нәтижесінде онлайн курсқа деген сұраныс өсті. Сонымен қатар, JOO ең алғашқы ҰТО-мен (Ұлттық Тесттілеу Орталығымен) серіктестік орнатқан білім мекемесі атанды.
2021 жыл — JOO қосымшасы жаңа деңгейге шықты.
Платформа онлайн ҰБТ-ға дайындық видеосабақтарымен толықты. Бірақ бұл жай ғана сабақтар емес еді. Жүйе әр оқушының жеке білім траекториясымен жұмыс жасай бастады.
Оқушылар апта сайын тест тапсырып, нәтижесіне қарай қай пәндерден әлсіз екені анықталды. Соған сәйкес қосымшаның өзі әрқайсысына жеке оқу бағдарламасы мен тапсырмалар құрап беріп отырды.
Осылайша 2021 жылы JOO нарықтағы ең ірі онлайн курстардың біріне айналып, 10 000-ға жуық түлек платформамен дайындалып, жоғары нәтижелер көрсете бастады. Осы кезде тағы бір проблеманың беті ашылды.
2021 — JOO қосымшасын көптеген түлектер тек жыл соңында «осы алған балыммен қай университетке түсе аламын?» деген сұраққа жауап іздеу үшін ғана қолданатыны анықталды .Осы мәселені шешу үшін оқушыларға өздері таңдаған мамандыққа түсу үшін қанша балл қажет екенін алдын ала білу және сол мақсатқа сай дайындалу жүйесін қалыптастыру көзделді.
Көп оқушылар бұл ақпаратты жалпы біледі, алайда онлайн форматта адаптация мен тұрақты бақылау қиын болды.
Соның салдарынан кейбір оқушылар курсты сатып алғанымен, оны соңына дейін оқымай кететін жағдайлар жиі кездесетін.
2021 жыл — JOO құрылтайшылары осы орайда өзінің Академиялық оқу бағдарламасы бар жекеменшік мектептер желісіні ашып, офлайн сапалы білім беріп, бақылауға мүмкіндік беретін мектеп филиалдарын көбейтуді мақсат етті.
2022 жыл — Үздік оқу бағдарламасын жасау үшін Вьетнамда Кембридж оқу бағдарламасының координаторы қызметін атқарып жүрген 24 жылдық тәжірибесі Нұрғали Елшібековты мектепке шақырды. Нұрғали ағай ойланбастан, қазақ мектептерін дамыту үшін ойында жүрген дүниелерді іске асыруға елге оралып, JOO SCHOOL оқу бағдарламасының негізін қалады.
2021 жыл — Осылайша 2021 жылы Алматы, Шымкент, Ақтау қалаларында 3 алғашқы мектептеріміз бір сәтте ашылып, қабылдауды бастады. Ары қарай Атырау, Ақтөбе қалаларынан ашылып, жалпы саны 11 филиалға дейін жетті. Оқу бағдарламасының ерекшеліктеріне қызығып, ата-аналардың көпшілігі балаларын JOO мектептеріне тіркеді.
Нәтижесінде 4 жыл ішінде:
- 2200 түлек
- 5000+ оқушы
- 98% университетке түсті
- 6% шетелге түсті
- 137 ҰБТ-дан ең жоғары балл
- 3 этаптық іріктеден өткен 200+ кәсіби ұстаз
- 100+ серіктес университеттерден ішкі грант табысталды
- 10 кәсіби профориентатор
- 5 қалада 11 филиалға дейін жетті.
JOO School — 4 жыл ішінде басты миссиясы мен құндылықтарын орындай отырып, оқушыларға тек сапалы білім ғана емес, өзін жайлы, қауіпсіз сезінетін, потенциалын ашатын орта, іріктеуден өткен үздік мұғалімдерден білім мен тәрбие, қолдауды қатар алатындай жағдай жасады.